Қазіргі адамдар Киелі кітап туралы шын мәнінде не ойлайды?
Ол туралы – біздің қазіргі өмірімізге аса қатысы жоқ әңгімелер жинағы деп ойлау қызық. Бірақ егер біз шынымен солай ойлайтын болсақ, онда көп нәрсені жоғалтар едік.
Дінге қызығушылық танытатын, сауалнама жүргізетін ұйым – Барна Группасы жыл сайын (басқаша Ескі және Жаңа Өсиет деп аталатын) еврей және мәсіхшілердің Киелі жазбалары туралы қызықты деректерді жариялайды.
Міне, осы жылғы қорытындының бірнеше қызықты тұстары.
Өзінің «қызығушылығы» жайлы ашық айтатындар (олар Киелі кітапты аптасына төрт немесе одан көп рет оқиды және оны Құдай Сөзі деп мойындайды) және сенімсіздікпен қарап (бұл адамзаттың ойлап тапқан кезекті кітабы) дейтіндердің саны жақын болғандығы соншалықты, олар бір-бірінің орнын толтырады. Бірақ Киелі кітапқа мейірімді немесе бейтарап көзқараспен қарайтын адамдардың саны бұл екі топқа қарағанда әлдеқайда көбірек. Он үш пайызға жуығы Киелі кітапқа қастықпен қарайды, олар оны адамдарға манипуляция жасап, оларды басқаруға арналған деп есептейді.
Әйелдер мен қарт адамдардың Киелі кітапты оқуға көбірек уақыт бөлетіні әбден ықтимал. Дегенмен, ғаламтор желілерін кеңінен қолдануға байланысты оқу тәсілі өте қатты өзгерген.
Біз, яғни адамдардың жартысынан көбі Киелі кітапты шын мәніндегіден көбірек оқығысы келеді, дейді Барна.
Бәлкім, егер біз шынымен солай етсек, күшті әрі күрделі кейіпкерлері бар бірнеше оқиғаларды табатын едік, және бұл біздің көзімізді олар өмір сүрген әлемге ғана емес, біздің әлемге де ашатын еді.
Жаратылыстың басталуы 32:22-32 кітабында, Ябок өзенінің жанында бейтаныс бір кісімен күрескен, өршіл және кейде тиянақсыз Есаудың кіші інісі Жақып деген кейіпкер бар, және ол осы оқиғаны айтып беру үшін өмір сүреді. Біз өршіл (менмен) дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Бұл қашан пайдалы, ал қай кездері зиян?
Киелі кітапта негізінен ер адамдар жетекші рөл атқарса да, еврей Жазбаларында інжіл тарихының бағытын өзгертетін шешімдер қабылдаушы әйелдердің қатары да бар, олар Билер кітабының төртінші және бесінші тарауларындағы пайғамбар/би Деборадан бастап, еврей халқының құтқарылуында маңызды рөл атқаратын парсы патшайымы Естерге дейін (оның немере ағасы Мардохай Естердің кітабындағы патшаны өлтіру туралы қастандықты болдырмауға көмектеседі), сонымен қатар Исаның анасы Мәриям және Жаңа өсиеттегі құдықтан су алған самариялық әйел. Бұл әйелдер – ақылды және тапқыр.
Бірнеше пайғамбарларды олардың атымен аталған кітаптар арқылы танимыз, олар Құдайдан мейірімді болуын және Құдай халқын өздерінің қателіктері үшін жауапқа тартуға шақыруын өтінеді. Бәлкім біздің өмірімізде Ошия немесе Еремия сияқты біреу болған шығар – біз бір мезгілде құрметтейтін және мүмкін қорқатын адам.
Содан соң, Исаның қасында айқышқа шегеленген және тіпті өмірінің соңғы сәттерінде Оны қасиетті адам ретінде мойындаған (парасатты қарақшы деп аталатын) қарақшы сияқты, біз олар туралы өте аз білетін кейіпкерлер бар. Біздің көпшілігіміз өзімізге берілгеннің бәріне қарамастан, адасудың қаншалықты оңай екенін және тіпті өзімізді өзіміз танымай қалатын –қорқынышты жерде табылуымыз мүмкін екенін түсінеміз. Осындай қараңғы уақыттарда бағытымызды өзгертуге бізді кім шабыттандырады? Біз олардың бойларынан терең мейірімділікті танып білетін, бізді өздеріне баурап алатын адамдарды білдік пе?
Егер сіз Киелі кітабы бар он адамның бірі болсаңыз, бәлкім осында айтылған кейбір кейіпкерлерді тереңірек зерттеуді жалғастырғыңыз келуі мүмкін. Бұдан басқалары да көп, өте көп. Біз Киелі Жазбаларды «жаса және жасама» деген жиынтық ретінде қарастыруға бейім болған кездері (және мұнда сөзсіз өнегелі ілім бар), біз тым терең зерттеуден қашуға бейім болуымыз мүмкін. Бірақ егер сіз, Киелі Жазбалардың беттерінде жазылған адамдардың шынайы өмірлеріндегі дилемманы түсінсеңіз, Киелі Жазбаның өнегелі ілімі әлдеқайда мағыналы болады.
Олар сіз үшін жанданғаннан кейін, сізді өзіңіз ешқашан барамын деп ойламаған жерге апара алады. Киелі кітап шытырман оқиға ма? Мұнда тіпті ең кішкентай болса да ескірген ештеңе жоқ.
—
Бұл жазба автордың көзқарасын көрсетеді және талқылау мен сұхбатты бастауға арналған. Өтініш, төменде өз ойларыңызбен бөлісіп, пікір қалдырыңыз!
Қазіргі адамдарға арналған Киелі кітап