Құдай адам болды

Иса өтірік кейіп танытқан жоқ

Біз адам туралы айтқан кезде, толықтай адамды жобалаймыз – адамның денесін, санасын және жанын. Иса өтірік кейіп танытқан жоқ. Ол – Құдай. Бірақ Ол осы өмірге келгенде, алдымен жасуша – содан соң эмбрион – содан кейін ұрық ал сосын жаңа туған сәби болды. Ол бәрін қалыпты түрде жасады – тамақ ішті, кекірді және жылады. Біреу Оның жөргектерін ауыстыру керек болды. Әлбетте, біреу Онымен түні бойы уақыт өткізуі керек болды. Бәлкім, Оның шаншуы болған шығар. Мүмкін, Ол Мәриям мен Жүсіпке құсып тастаған шығар. Балалар қалай жасайтын болса, Ол да бәрін солай жасады. Адамдар қалай жасаған болса, Ол да солай жасады. Ал енді Құдай адам болған кезде, Ол Құдайдың жасағаны болды. 

Мәсіхшіліктің ерекше құбылысы – бұл Құдайдың адам болуы. Иса Мәсіх – шынайы Құдай болған және қазір де сондай – Ол бір сәтке де Құдай болуын тоқтатқан жоқ, бірақ ол әрқашан және қазір де шынайы адам болып табылады. 

Ол ауырсынудың не екенін біледі. Ол сүйіспеншілік, қуаныш, қайғы және мұңның не екенін біледі. Ол ашықты және шөлдеді, қалжырады және ренжіді, тіпті кейде көңілі қалатын. Ол қайғырудың және өлудің не екенін біледі. Ол өмір сүрудің және қайтадан өлмес үшін, өлілерден қайта тірілудің не екенін біледі. Біріншіден, дәл осы себептен Иса адам болды – бізбен байланыста болу үшін, біз де Онымен өз өмірімізді бөлісе алуымыз үшін, түсінесіз бе. Ол айқышта өлген кезде, содан соң өлілерден қайта тірілгенде, 

Ол мұны бүкіл адамзат үшін шынайы адам ретінде жасады. Ақырзаманда Иса қайтып келген кезде, Ол арқылы біз де өлімді жеңеміз. 

Бұл бір әдемі метафора емес. Иса бізге уәде берді: «Себебі өз еркімді емес, Мені жіберген Әкемнің еркін орындау үшін көктен келдім. Ал Әкемнің еркі — Оның қарамағыма берген адамдарының бірде-біреуін тозаққа түсірмей, бәрін де ақырғы күні қайта тірілтуім. Себебі Әкемнің еркі мынау: Өзінің рухани Ұлына назар аударып, сенім артқан барлық адамдарға мәңгілік өмір сыйлау. Мен соларды ақырғы күні қайта тірілтіп аламын (Жохан 6:38-40). Иса бір кездері, Оған сенетіндердің әрбіреуін өлілерден қайта тірілтемін деп уәде берген. Ол өз адами денесінде тірілгендей, бізде өз денемізде тірілеміз, бірақ жаңарған және даңқталған түрде. Біз періште болмаймыз – Ол Өзі әлі күнге дейін адам болғандай, біз де адам боламыз. Бірақ енді өлмейміз. 

Енді азап, ауру немесе қайғы болмайды. Құдай, біз Оның балалары, соңында керемет мінсіз болатын Оның халқы болуымыз үшін адам болды. Бұл Исаның бізге берген уәдесі және дәл осы себептен Ол біздің адами табиғатымызды қабылдады. Біз осы орындалған, керемет оқиғаны – «іске асу» деп атаймыз. 

Құдай – Ұлы ұстаз, 

тарихи тұлға, дана, революционер, адам болды…

Исаның қасиеттерін суреттеуді шексіз жалғастыруға болады. Бірақ егер сіз мәсіхшілерден Оны суреттеуін сұрасаңыз, онда алдыңғы қатарға шығатын бір қасиет бар: Иса – шынайы Құдай және шынайы адам. Біз Құтқарушы Исаға шынымен сенеміз. Міне, сондықтан біз Оның туылу мерекесін тойлаймыз. Бұл жай туған күн емес – бұл бір кездері орын алған ұлы керемет. Енді көктен жерге дейін созылған Құдай бізден алыс емес. Енді Құдай – біздің ата-анамыз, біздің туысымыз. 

Және мұны жасаған себебі, бізді жақсы көреді. 

Avatar photo

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Давайте всегда будем на связи? Разрешите нам отправлять вам уведомления Давайте Не давайте