Қазіргі уақытта, біздің қоғамда «неке» және оның кімге қатысты екендігі туралы пікірталастар өте көп. 

Неге мәсіхшілер осы мәселеге қатысты өз көзқарастарын қорғайды? 

Бұл біз үшін өте маңызды, себебі біздің жеке құндылықтарымызға негізделген «неке» сөзінің көптеген анықтамалары бар – бір жынысты некелер, бірге тұратын жұптар, отбасы, жалған неке, жыныстық қатынас және т.б. Бір қарағанда тақырып қарапайым сияқты, бірақ сіз бұл маңызды сөзді қалай түсінетініңізге қарамастан, оның айтарлықтай салдары бар. 

Некенің мәсіхшілік түсінігі дегеніміз не? 

1. Құдай жаратқан

Шынымен маңызды нәрсе, бұл – құлдырауға дейін, Құдайдың некені алғашқы жаратылысының бір бөлігі ретінде құрастырғаны. Бұл мінсіз әлем мен керемет жаратылыстың құнды бөлігі болды. Адам Ата мен Хауа Ананың некесі – Құдайдың берген жақсы сыйлығы болды. Иә, күнәға батқан уақыттан бастап адамдар некені бұрмалап жіберді, бірақ Жаратушы некенің түпкі тұжырымдамасын жақсы деп қабылдаған, Жаратылыстың басталуы 2:24-ті қараңыз.

 2. Еркек пен әйел арасындағы өзара, өмірлік одақ 

Мәсіхшілер некеге сенеді. Біз осы сөзді немесе тұжырымды талқылауға тырыспаймыз. Еркек пен әйел арасындағы өзара, өмірлік одақ – бұл мәсіхшіліктің некеге деген көзқарасының маңызды және түсінікті элементтері. Әрине, осы көзқарастардың салдары әлдеқайда үлкен әсер етеді: Жаратылыстың баст. 1:27, Жаратылыстың баст. 2:18, Матай 19: 4-6, Ефестіктерге хат 5: 22-23.

Тарихтың көрсеткеніндей, неке анықтамасы бойынша әрқашан Жаратушының ойындағыдай болмағаны анық. Мысалы, некедегі өзара келісім және әйелдің рөлі, шын мәнінде болуы керек өлшемдерге әрқашан сай келе бермейтін. Бірақ еркек пен әйел арасындағы некенің тұжырымдамасы тек мәсіхшілікке ғана қатысты емес екенін ескерген жөн. Ол дінге және мәдениетке қарамастан, шамамен он жылдар бұрын көпшілік мойындаған және өзекті болған. 

3. «Сен мені толықтырасың».

Мәсіхшілер, еркек пен әйел әр түрлі болса да, некеде олар бір-бірін өзара толықтырып, бір-біріне көмектеседі деп есептейді. Бұл бір жақтық келісім емес; ерлер мен әйелдердің әр түрлі рөлдерін, біреуінің екіншісінен басымдылығымен шатастырмаңыз. Ерлі-зайыптылар үшін өз-өздерін білу, өз шақыруларын, мүмкіндіктерін білу және некеден не қалайтындарын түсіну маңызды болып табылады. Бұл кейде мүмкін болмайды. Ерлер мен әйелдер серіктестер ретінде жаратылған, олар бір-бірін толықтай біле алмайды. 

Соған қарамастан, біз неке – бұл жай ғана жеке бақыт және қанағаттану, деген пікірмен келіспейміз. Неке бізге біраз уақытқа бақытты шабыт беретін пайдакүнемдікке арналмаған. Ол – ерлер мен әйелдер сияқты күшті тараптарды біріктіруге арналған, адамдар некеде тек жұбайына емес, сондай-ақ өздері өсіріп жатқан балаларына, тұрып жатқан қоғамына пайда алып келуі керек. 

4. Балалардың болуы және оларды тәрбиелеу

Құдайдың Адам Ата мен Хауаға, құлдырауға дейінгі берген алғашқы өсиеті – «өсіп-өніп көбейіңдер» деген болатын. Неке – бұл жақын қарым-қатынастарға арналған қауіпсіз арал, осы жақындық арқылы отбасы көбейеді. Құдай еркек пен әйел арасындағы сүйіспеншіліктің ең күшті өрнегінен жаңа өмір жаратады. Неке – ерлі-зайыптылардың өздерін қауіпсіздікте сезініп, балаларын сүйіспеншілікте тәрбиелеулері үшін керек. Жаратылыстың баст. 1:28 және Матай 19: 6 қараңыз.

5. «Мен уәде беремін» деп айту

Сондай-ақ, еркек пен әйелдің өмір бойы, қайғыда әрі қуанышта, күнделікті өмірде әрі мейрамда қол ұстасып бірге жүргіміз келеді деп мәлімдеуі (әдетте көпшілік алдында) де, некенің дәстүрлі мәсіхшілік тұрғыдағы анықтамасы болып табылады. Дегенмен, Адам Ата мен Хауа бұлай жасаған жоқ, бұл құлдыраудың кесірінен күні бүгін маңызды, себебі: 

1. Ол осы некеде ерлі-зайыптылардың және балалардың құқығын қорғайды  

2. Ол нәпсіқұмарлық пен жыныстық азғындықты шектеуге көмектесетін шекараны анықтау арқылы, адалдыққа жағдай жасайды. Қорынттықтарға хат 7: 2, Еврейлерге хат 13: 4 және Салониқалықтарға 1-хат 4: 2-5 қараңыз.

Некелесу мен неке туралы куәлік, неке құрудың қажетті шарттары болып табылады ма? 

Екеуі де некенің маңызды элементтері болғанымен, оларды жасамауға болатындығын айтуымыз керек. Мәсіхшілер үшін неке киелі мекеме болып табылады және оның негізгі мақсаты құқықтық та, қауымдық дәстүрлі де емес. Іс жүзінде, неке құруға байланысты діни дұға мен баталардың болғандығы туралы нақты дәлелдер б.з. 4-ғасырына дейін болған жоқ. Дегенмен, біз үйлену тойының қауымның қатысуымен және мемлекеттің заңды түрде қолдауымен өтуін қолдасақ та, мәсіхшілер үшін ерлі-зайыптының арасындағы одақ, осы екеуінен де маңызды. 

6.Құдай мен адамзат арасындағы байланыс.

Киелі Кітап некені Құдай мен адамзаттың арасындағы қарым-қатынастың тірі көрінісіне жиі ұқсатады. Әйтсе де, некені де Құдай тәжірибелік себептермен жаратқан, некенің мәні мен салдары Құдайдың бізге қалай қарағысы келетіндігін көрсетеді. Ефестіктерге хат 5: 22-23 және Жохан 17: 22-23 қараңыз. 

Терең мағына, ұзақ болатын салдарлар

Сондықтан, мәсіхшілер үшін неке – жай ғана азаматтық құқыққа қатысты сөз немесе сұрақ емес екенін түсінесіздер деп үміттенеміз. Неке біздің сенім жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Мәсіхшілер үшін неке, Құдайдың алғашқы жаратылыстарының бір бөлігі болып табылады. Ол адамдардың қарым-қатынасын қамсыздандырады. Олар өз кезегінде, Құдай жаратқан жерде өмір сүріп жатқан адамзат пен Оның қарым-қатынасын бейнелейді және Оның жаратылысына қамқор болады. Біздің ойымызша, мәсіхшілердің неке тұжырымдамасын бұзуы, Құдайдың ниетінің мағынасын өзгертеді. 

Жалғыз бастыларға арналған маңызды ескерту

Жалғыздық адамды Құдай алдында кішірейтпейді. Осы өмірдегі әрбір адамның өз шақыруы, өз қабілеттері бар. Ерлі-зайыптылардың рөлі уақытты, көңіл аударуды және басымдылықты көбірек жұмсауды талап етеді. Кейбір адамдар жалғыздықты дұрысырақ көреді және өмірінің көп бөлігін басқа шақыруларға арнайды. Бұл жағдайда отбасы мен балалар қызметтен алшақтатуы мүмкін. Біз Исаның жалғыз болғанының жалғыз себебі, Оның бүкіл назары адамзатты өзгертуге бағытталған деп есептейміз. Қорынттықтарға 1-хат 7:38-ді қараңыз.

Avatar photo

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Давайте всегда будем на связи? Разрешите нам отправлять вам уведомления Давайте Не давайте